jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Трамп АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операцияны бастағанын мәлімдеді

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Pool/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі аккаунтында видео жариялап, АҚШ Иранға қарсы ауқымды операция бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Америка Құрама Штаттарының әскери күштері Иранда ірі операция бастады. Мақсат — Иран режимі тудыратын қауіптерді жою арқылы америкалықтарды қорғау. Олардың әрекеттері әскерлерімізге, базаларымызға және одақтастарымызға қауіп төндіреді", - деп атап өтті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Иран "ешқашан ядролық қаруға ие болмайды" деп мәлімдеді.

"Біз олардың зымырандарын және зымыран өнеркәсібін жойып тастаймыз", - деді Дональд Трамп.

Еске салсақ, 27 ақпанда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Иран төңірегінде шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған болатын.

Ал 28 ақпанда Израиль қорғаныс министрлігі ЦАХАЛ Иранға алдын ала соққы жасағанын хабарлады.

Трамп АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операцияны бастағанын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.