jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Иран революциясы сақшылар корпусы тарихындағы "ең қуатты шабуыл" бастайтынын мәлімдеді

Иран туы мен елдің жоғарғы көсемінің портретін ұстап тұрған адам
Иран туы мен елдің жоғарғы көсемінің портретін ұстап тұрған адам. Фото: Etienne Laurent / AFP via Getty Images

Ислам революциясы сақшылар корпусы аятолла Әли Хаменеидің қазасына жауап ретінде ел тарихындағы "ең қуатты" шабуылын бастайтынын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

РБК басылымы Иранның ISNA мемлекеттік ақпарат агенттігінде жарияланған мақаланың аудармасын жариялады. Ислам революциясы сақшылар корпусының баспасөз қызметі жоғарғы көсем Әли Хаменеидің қазасынан кейін Иран өз тарихындағы ең қуатты шабуыл операциясын бастайтынын мәлімдеді.

"Бірер сәттен кейін америкалық террористердің басып алған аумақтары мен базаларына қарсы Иран Ислам Республикасы Қарулы Күштерінің тарихындағы ең қуатты шабуыл операциясы басталады", - делінген мәлімдемеде.

Иран Қарулы Күштерінің бас штабы да Хаменеидің қазасынан кейін мәлімдеме жасады.

"Біз батыр халқымыздың қолдауымен және күшімен АҚШ-ты өкінуге мәжбүрлейміз және жауға берілмей, соңғы тамшы қанымыз қалғанша дана және құдіретті көсемнің жолын жалғастырамыз", - деп жазады басылым.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қайтыс болғаны туралы ақпаратты жария етті. Ол оны "тарихтағы ең зұлым адамдардың бірі" деп атады.

Кейінірек Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары елдің жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқанын ресми түрде растады. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.

Иран революциясы сақшылар корпусы тарихындағы "ең қуатты шабуыл" бастайтынын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.