jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ пен Израильдің шабуылы: Иранның қорғаныс министрі көз жұмды

Экс-министр обороны Ирана Азиз Насирзаде
Азиз Насирзаде. Фото: Morteza Nikoubazl/NurPhoto via Getty Images

Иранда елдің қорғаныс министрі және Қарулы Күштер бас штабы бастығы көз жұмғаны ресми түрде расталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мемлекеттік IRNA басылымына сілтеме жасап.

Иранда елдің әскери басшылығының қатарында тағы адам шығын болғаны расталды.

"Сионистік режимнің Иранға жасаған қатыгез шабуылы салдарынан Қарулы Күштер бас штабының бастығы генерал-полковник Абдулрахим Мусави және Иран Ислам Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник ұшқыш Азиз Насирзаде қаза тапты", - делінген материалда.

Естеріңізге сала кетейік, Иранның мемлекеттік БАҚ-тары бұған дейін елдің жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқанын ресми түрде растаған еді. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.

Көп ұзамай Ислам революциясы сақшылар корпусы аятолла Әли Хаменеидің қазасына байланысты соған жауап ретінде ел тарихындағы "ең қуатты" шабуыл болатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар шабуылда Иран Қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Шамхани мен Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпур қаза тапты.

АҚШ пен Израильдің шабуылы: Иранның қорғаныс министрі көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.