Тегеран тұрғындары жасалып жатқан шабуылдарға қарамастан тағы да митингке шықты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ пен Израильдің Тегеранға шабуылдары жалғасып жатқанына қарамастан, Иран астанасының тұрғындары митингке шықты, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның қазіргі уақытта оқиға орнында жүрген тілшілерінің мәліметінше, митингке қатысушылар Америкаға және Израильге қарсы ұрандатып, әскерилерді Иранның жоғарғы көсемі болған аятолла Әли Хаменеидің өлімі үшін кек алуға шақырып жатыр.
Митингiлердің бірі Тегеранның батысындағы Читгар ауданында өткен. Қатысушылар шеру кезінде Ислам Республикасының үлкен туын жайған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иранның мемлекеттік БАҚ-тары елдің жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқанын ресми түрде растаған еді. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.
1 наурызда Хаменеидің қайтыс болғаны туралы хабардан кейін ирандықтар жоғарғы көсемді жоқтап, Тегеранның орталығына жиналды. Жиналғандар "Америкаға өлім" және "Израильге өлім" деп ұрандатты.
Кейін алған жарақатынан Хаменеидің әйелі де қаза тапқаны белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2349972-tegeran-turgyndary-zhasalyp-zhatqan-shabuyldarga-qaramastan-tagy-da-mitingke-shyqty-video/