Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасауды тоқтату туралы шешіміне қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Тоқаевтың баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды.
Қазақстан президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды", - делінген Айбек Смадияровтың Telegram арнасында жарияланған жазбада.
Еске салсақ, бұған дейін Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің уақытша басқару кеңесі көршілес мемлекеттерге шабуылдарды тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдегенін жазған болатынбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2351336-toqaev-irannyng-korshi-elderge-shabuyl-zhasaudy-toqtatu-turaly-sheshimine-qatysty-pikir-bildirdi/