jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

ДДСҰ өкілдері "қара жаңбырға" байланысты ирандықтарға үйден шықпауға кеңес берді

Иран астанасы
Тегеран. Фото: Sasan / Middle East Images / AFP via Getty Images

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Иран мұнай қоймаларындағы жарылыстардың әсерінен пайда болған ауадағы улы заттар мен "қара жаңбыр" ел тұрғындарының денсаулығына зиян екенін ескертті.

Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Иран билігі тұрғындарға үйде отыруға кеңес берді, себебі үздіксіз өрт пен қою түтін ауа сапасын айтарлықтай нашарлатты. Ирандықтарға ауадағы зиянды түзіліс денсаулыққа, әсіресе балалар үшін қауіп төндіретіні ескертілді.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, ДДСҰ-ның ресми өкілі Кристиан Линдмайер баспасөз мәслихатында ДДСҰ Ирандағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын, ел билігіне қажетті ұсыныстар беріп, ирандық ауруханалармен байланыста екенін айтты.

Линдмейер "қара жаңбыр" химиялық күйік тудыруы мүмкін екенін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, 7 наурызда, кешкі уақытта Израиль күштері Тегерандағы бірнеше мұнай қоймасына шабуыл жасады. БАҚ-та Кухак, Шахран және Карадж қалаларындағы үш мұнай қоймасына да шабуыл жасалғаны туралы хабарланды. Шабуылдардан кейін өрт басталды.

Шабуылдардан кейін Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамы қышқыл жаңбыр туралы ескерту жариялады.

Иран Сыртқы істер министрлігі жанармай қоймаларына жасалған шабуылдар Иранның бейбіт тұрғындарына қарсы әдейі химиялық соғыс жүргізумен тең екенін атап өтті. Сыртқы істер министрлігінің өкілінің айтуынша, әскерилер жанармай қоймаларына шабуыл жасау арқылы ауаға қауіпті және улы заттарды таратып, бейбіт тұрғындарды улап, қоршаған ортаға зиян келтіріп, адамдардың өміріне үлкен қауіп төндіруде.

"Бұл экологиялық және гуманитарлық апаттың салдары Иран шекараларымен шектелмейді. Бұл шабуыл соғыс қылмысы, адамзатқа қарсы қылмыс және геноцид болып саналады", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Кейін қазақстандық мамандар еліміздің аумағына Ираннан "қышқыл бұлттар" жетуі мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді.

ДДСҰ өкілдері "қара жаңбырға" байланысты ирандықтарға үйден шықпауға кеңес берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.