АҚШ тұрғындары жеті тонналық метеориттің құлау сәтіне куә болды (видео)
Жарияланған күні:
АҚШ-тың Огайо штатындағы Кливленд қаласының тұрғындары метеориттің құлау сәтіне куә болды. Ол сағатына 72 мың шақырым жылдамдықпен қозғалған, деп хабарлайды 24.kz.
Ғалымдар ақпа жұлдыздың салмағы жеті тонна болғанын айтады. Ол аспанда ыдырап кеткен. Жер бетінен сынықтары табылмады. Метеориттің құлау сәті көліктердегі бейнетаспаға түсіп қалған.
НАСА метеориттің Висконсин және Мэриленд штаттарының аумағынан да көзге көрінгенін хабарлады.
Мамандар "АҚШ-та кішкентай метеориттер күнде өтеді, бірақ үлкендерін көру сирек жағдай" дейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2356053-aqsh-turgyndary-zheti-tonnalyq-meteoritting-qulau-satine-kua-boldy-video/