jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Иран әскерилері АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшағын алғаш рет атып түсіргенін мәлімдеді

F-35 жойғыш ұшағы
F-35 жойғыш ұшағы. Көрнекі фото: Dan Kitwood/Getty Images

Ислам революциясы сақшылар корпусы алғаш рет америкалық бесінші буынның F-35 жойғыш ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

РИА Новости Ислам революциясы сақшылар корпусының мәлімдемесін Иранның Fars ақпарат агенттігінен аударып жазған.

Иран әскерилерінің мәлімдеуінше, F-35 жойғыш ұшағын Ислам революциясы сақшылар корпусының жаңа озық әуе қорғаныс жүйесі атып түсірген.

Ислам революциясы сақшылар корпусының мәліметінше, Иранның әуе қорғаныс жүйелері мұндай ұшақты алғаш рет атып түсіріп отыр.

Айта кету керек, қақтығыс басталғанда Кувейтте америкалық жойғыш ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы хабарлама тараған болатын. Ұшқыштар құлап бара жатқан ұшақтан катапульта жасап үлгерген.

Кейінірек "Эпикалық қаһар" операциясы барысында ұшып бара жатқан үш америкалық F-15E Strike Eagle жойғыш ұшағы Кувейт аспанында атып түсірілгені белгілі болды.

Иран әскерилері АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшағын алғаш рет атып түсіргенін мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.