Иранда өлім жазасына кесілген халықаралық турнирдің 19 жастағы жүлдегері дарға асылды
Жарияланған күні:
Иранда өлім жазасына кесілген жастар құрамасының балуаны Салех Мохаммади дарға асылды, деп жазады sport25.pro басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Иранда ұлттық құрама балуаны Салех Мухаммадиға қатысты шығарылған үкім іске асырылды. 2024 жылғы халықаралық турнирде қола алған спортшы 19 наурызда Кум қаласында дарға асылды.
Айта кету керек, Салех Мухаммади, Мехди Гасеми және Саид Давуди 8 қаңтарда Кумда өткен үкіметке қарсы науқан кезінде полицейлерге шабуыл жасағаны үшін айыпты деп танылған. Сот органдары олардың іс-әрекетін "мохаребе" (Құдаймен жауласу) бабы бойынша жіктеді, бұл өлім жазасы кесілетін аса ауыр қылмыс саналады.
Десе де, халықаралық құқыққорғау ұйымдары бұл айыптың орындылығына күмән келтірген. Спортшының өзі қылмысқа қатысы жоқ екенін және қылмысты мойындауға мәжбүр болғанын мәлімдеген. Құқыққорғаушылардың деректері бойынша, сот оның мәлімдемелерін тиісті тергеу жұмыстарын жүргізбеген және есепке алмаған. Ал спортшының жаттықтырушылары мен командаластары оқиға болған кезде Мохаммади ағасының үйінде болғанын және бұл дәйек те ескерілмегенін айтқан.
Халықаралық спорт қоғамдастығы бұл оқиғаны "саяси кісі өлтіру" деп атады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2357295-iranda-olim-zhazasyna-kesilgen-halyqaralyq-turnirding-19-zhasar-zhuldegeri-oltirildi/