БАҚ: Ормуз бұғазын жабуға жауапты ирандық қолбасшы қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Әуе соққысының салдарынан Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы қаза тапты, деп хабарлайды The Times of Israel басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның израильдік шенеунікке сілтеме жасап жазуынша, бүгін, 26 наурызда ИРСК әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Әлиреза Тангсири қаза тапқан.
Ол Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас портты қаласындағы әскери-теңіз базасына жасалған шабуыл салдарынан мерт болған. Жарияланымда соққыны Израиль жасағаны айтылған.
Израиль мен Иран билігі бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.
Израиль шенеунігінің мәліметінше, Әлиреза Тангсири әлемдегі мұнай қорының айтарлықтай бөлігі өтетін әлемдегі ең маңызды теңіз жолдарының бірі – Ормуз бұғазын жабуға жауапты болған.
Айта кетейік, бұған дейін Иран кейбір елдердің кемелеріне Ормуз бұғазынан өтуге рұқсат бергенін жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2358141-baq-ormuz-bugazyn-zhabuga-zhauapty-irandyq-qolbasshy-qaza-tapty/