jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Бразилияда әйелді жек көретіндер қылмыскер саналып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бетін көрсетпей тұрған әйел
Әйел.Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бразилия сенаты әйелдерді жек көретіндерді 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды италиялық Agenzianova басылымына сілтеме жасаған Kazinform.

Басылым мәліметінше, Бразилия Федералдық сенаты әйелдерді жек көруді кемсітушілік пен өшпенділікке байланысты қылмыстар қатарына енгізетін заң жобасын мақұлдады. Құжатта бұл әрекет нәсілшілдікке теңестіріліп, сотталушыны екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл туралы сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасында әйелдерді жек көру әйелдерге қатысты өшпенділікті немесе жиіркенішті білдіретін әрекет саналады. Бұл шара фемицидке қарсы саясат аясында қабылданып отыр.

Енді заң жобасы түпкілікті мақұлдануы үшін депутаттар палатасына жолданды.

Бразилияда әйелді жек көретіндер қылмыскер саналып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.