jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Зеленский Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялаған Путиннің мәлімдемесіне жауап берді

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: SERGEI SUPINSKY/Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Пасха мерекесіне орай бітім жариялауға дайын екенін растады, деп хабарлайды УНИАН порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Украина президенті өзінің Telegram-дағы арнасында мәлімдеген.

"Украина өзара қадам жасауға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Біз биыл Пасха мерекесі кезінде атысты тоқтатуды ұсындық және соған сәйкес әрекет етеміз", - деп жазды ол.

Украина басшысы адамдарға қауіп-қатерден азат Пасха және бейбітшілікке қарай шынайы қадам қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар Зеленский Ресейдің Пасха мерекесінен кейін қайта соққы жасамауға мүмкіндігі бар екенін айтты.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай 11 сәуір сағат 16:00-ден бастап 12 сәуір күннің соңына дейін дейін бітім жариялаған болатын.

Зеленский Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялаған Путиннің мәлімдемесіне жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.