Вашингтондағы атысқа күдіктінің фото және видеосы жарияланды
Жарияланған күні:
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ақ үй жанындағы тілшілер қауымдастығының Washington Hilton-да өткен қабылдау кешінде оқ атты деген күдіктінің фотосы мен видеосын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ол желіге қолы артына кісендеулі күйде еденде жатқан ер адамның видеосын жариялаған.
Сонымен қатар АҚШ президенті бақылау камерасынан алынған видеоны да бөлісті. Кадрлардан қолында қаруы бар кісі бақылау-өткізу бекетінен өтпек болғаны, содан кейін күзет қызметкерлерінің оған қарай оқ атқанын көруге болады.
Айта кету керек, АҚШ президенті Дональд Трамп, оның әйелі, әкімшіліктің басқа да қызметкерлері, сондай-ақ Конгресс мүшелері Ақ үй жанындағы тілшілер қауымдастығының жыл сайынғы кешкі асы кезінде залдан эвакуацияланғанын жазған едік. Оған ғимаратта атылған оқ себеп болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2370084-vashingtondagy-atysqa-kudiktining-foto-zhane-videosy-zhariialandy/