Трамп қатысқан кешкі ас кезінде оқ атты деген күдікті бүгін сот алдында жауап береді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Дональд Трамп қатысқан кешкі аста оқ атты деген күдікпен қамауға алынған ер адам бүгін сот алдында жауап береді. Оған айып тағылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Басылым мәліметі бойынша, күдіктіге дүйсенбі, 27 сәуірде федералды офицерге шабуыл жасау және атыс қаруын қолдану бойынша екі айып тағылады.
Вашингтонның федералды прокуроры Жанин Пирро тергеу аяқталғаннан кейін күдіктілер тізімі кеңеюі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Күдіктіге АҚШ президентіне қастандық жасады деген айып тағылуы бек мүмкін.
Айта кетейік, кеше Вашингтонда 31 жастағы Калифорния тұрғыны Коул Томас Аллен тұтқындалды. Хабарламаға сәйкес, ол мұғалім болып жұмыс істеген және компьютерлік атыс ойындарын жасаумен айналысқан. Бұрын сотталмаған және полицияның назарына ілікпеген.
Естеріңізге сала кетейік, оқ Washington Hilton қонақ үйінде Трамп пен Ақ үй жанындағы тілшілер қауымдастығы және АҚШ президенті әкімшілігінің басқа да мүшелері қатысқан кешкі ас кезінде атылды.
Желіде Дональд Трамп пен Джей Ди Вэнстің төтенше жағдайдан соң эвакуацияланып жатқан сәтінен видео жарияланды.
Оқиғадан кейін америкалық көшбасшы Ақ үйде баспасөз мәслихатында сөйледі. Ол шабуыл жасаған адамның қолында бірнеше қару болғанын мәлімдеді және оқ атушының нысанасында өзі де болуы мүмкін екенін айтты.
Сонымен қатар америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Вашингтондағы оқиға бойынша күдікті Трамп әкімшілігінің шенеуніктеріне қастандық жасағысы келгенін мойындаған.
Оқиғадан кейін АҚШ президенті жаңа шара өткізіп, қауіпсіздікті күшейтуге уәде берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2370288-tramp-qatysqan-keshki-as-kezinde-oq-atty-degen-kudikti-bugin-sot-aldynda-zhauap-beredi/