jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Балалар тағамына егеуқұйрық уын қосқан: ер адам ұсталды

Егеуқұйрық неліктен түске кіреді: әр түрлі түс жору кітабы бойынша түсіндірмелер
Екеуқұйрықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Аустрияда балалар тағамына егеуқұйрық уын қосқан ер адам ұсталды. Ұстау операциясы Зальцбург федералдық жерінде өтті, деп хабарлайды DW басылымына сілтеме жасаған kazinform.kz.

Басылым мәліметінше, 39 жастағы ер адам жалғыз әрекет еткен. Оның мақсаты ақша болған: ол германиялық HiPP компаниясынан 2 миллион еуро көлемінде криптовалюта талап еткен. Қылмыскер супермаркеттерден балалар тағамының құтыларын сатып алып, ішіне у қосып, қайтадан сөрелерге қойған.

Тергеу 38 күнге созылды. Тергеушілер Аустриямен қатар Чехия және Словакияда да жұмыс жүргізген. У қосылған бес банка тәркіленді — олар түбіндегі ақ-қызыл жапсырма арқылы анықталған. Қазіргі уақытта Аустрияда алтыншы уланған құты іздестіріліп жатыр.

Қылмыскерді супермаркеттердегі бейнебақылау камераларының жазбалары және оның HiPP компаниясына жіберген электронды хаты арқылы анықтаған. Қазір прокуратура ұсталған адамға қандай айып тағылатынын қарастырып жатыр — денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әрекеттену ме, әлде адам өлтіруге оқталу ма.

Балалар тағамына егеуқұйрық уын қосқан: ер адам ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.