jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Круиз кемесінде тараған сирек кездесетін вирус: ДДСҰ өкілдері тағы мәлімдеме жасады

MV Hondius кемесі
MV Hondius кемесі. Фото: AFP via Getty Images

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы MV Hondius круиз кемесіндегі бірнеше жолаушыдан анықталған хантавирусқа қатысты мәлімдеме жасады.

CNN мәліметіне сүйенсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) MV Hondius круиз кемесінде хантавирус инфекциясының сегіз жағдайы анықталғанын, оның ішінде үш расталған және бес күмәнді жағдай анықталғанын хабарлады.

Бұған дейін Әулие Елена аралына кемеден 12 елдің азаматы түскен, сол елдердің билігі қауіп жөнінде және олармен байланыста болған адамдарды анықтау қажеттілігі туралы хабардар етілді. Қазіргі уақытта бірнеше елдің денсаулық сақтау органдары індетті тоқтату үшін бар күшін салуда. ДДСҰ мәліметі бойынша, вирустың инкубациялық кезеңі алты апта.

Кемедегі қалған жолаушылар Испанияның Канар аралдарына бет алды, ол жаққа кеменің келе жатқаны көпшіліктің назарын аударды.

Кемеден ауыр халде эвакуацияланған екі жолаушы емделу үшін Нидерландыға жетті. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі уақытта ауру белгісі жоқ үшінші эвакуацияланған адамға да медициналық көмек көрсетілуде.

Эвакуацияланған жолаушылардың арасында Ұлыбритания азаматы, 65 жастағы Германия азаматы және 41 жастағы нидерландылық экипаж мүшесі бар.

Guardian-ның ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуске сілтеме жасай отырып хабарлауынша, адамдар әдетте хантавирусты кеміргіштерден немесе олардың зәрі, нәжісі немесе сілекейі арқылы жұқтыратынын атап өтті.

"Бұл жағдайда біз Латын Америкасында кездесетін және адамдар арасында шектеулі түрде таралуы мүмкін жалғыз белгілі вирус түрі Анд хантавирусы туралы айтып отырмыз", - деді ол.

ДДСҰ басшысы бұрынғы індеттерде вирустың адамнан адамға жұғуы отбасы мүшелері, жақын серіктестер және медицина қызметкерлері арасындағы тығыз және ұзақ мерзімді қарым-қатынаспен байланысты болғанын атап өтті.

"Қазіргі жағдайда да дәл осылай болып жатқан сияқты", - дейді ол.

Оның сөзінше, круиз кемесіндегі оқиға алаңдатарлық жағдай болған, бірақ қоғамдық денсаулыққа төнетін қауіп өте төмен.

"Бұл алаңдатарлық жағдай болғанына қарамастан, ДДСҰ қоғамдық денсаулыққа төнетін қауіпті төмен деп бағалайды", - деді ұйым басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бұл жағдайға тексеру жүргізіп жатқанын хабарлағанбыз.

Круиз кемесінде тараған сирек кездесетін вирус: ДДСҰ өкілдері тағы мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.