jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

СІМ Түркияда жол апатынан қаза тапқан азаматқа қатысты ақпаратқа түсінік берді

Велосипед дөңгелегі
Велосипед дөңгелегі. Иллюстрациялық фото: pxhere.com

Еліміздің СІМ Түркияның Анталия қаласында жол апатынан қаза тапқан 27 жастағы азаматқа қатысты түркиялық БАҚ-та тараған ақпаратқа түсінік берді.

"Түрік тарапының мәліметіне сәйкес, қаза тапқан адам Қырғызстанның азаматы", — деп хабарлады СІМ өкілдері.

Еске салсақ, Анталияның танымал курорттық аймағында қазақстандық азамат болуы мүмкін ер адам жол апатынан көз жұмған.

27 жастағы Кубат Аманбеков бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде бармен болып жұмыс істеген. Ол велосипедпен кетіп бара жатқан кезде такси қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жас жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты 8 мамыр күні түнгі сағат үш шамасында Серик ауданындағы туристік жолда болған. Такси жүргізушісі түсініктеме беру үшін полиция бөліміне жеткізілген.

Басылым марқұм Қазақстан тумасы екенін, соңғы бірнеше жылда Түркияда жұмыс істеп жүргенін жазған.

СІМ Түркияда жол апатынан қаза тапқан азаматқа қатысты ақпаратқа түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.