jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Д. Трамп: Иранға қарсы соғыс жалғасады

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Brendan SMIALOWSKI / AFP via Getty Images

Иранға қарсы соғыс жалғасады. Мұны АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды 24.kz.

Айтуына қарағанда, Құрама Штаттар Ислам Республикасының әскерін талқандады. Сондай-ақ Америка әлемдегі ең қуатты әскери күшке ие дейді Ақ үй басшысы. Бұдан бөлек ол өз әкімшілігінің жұмысын мақтаған.

"Мен билікке келгелі АҚШ экономикасы күшейіп, инвестиция көбейіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды",- деп жазды ол.

Сондай-ақ Дональд Трамп бұрынғы президент Джо Байденнің саясатынан Америка әлсіреді деп сынаған.

Одан бөлек, Трамп Бейжіңмен арадағы қарым-қатынас жайында "Қытай төрағасы Си Цзинпинь қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктеріммен құттықтады" деп те атап өткен. Сонымен қатар АҚШ пен Қытай арасы жақсаратынын айтқан.

Д. Трамп: Иранға қарсы соғыс жалғасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.