jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Трамп араға тоғыз жыл салып Қытайға барды

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Tasos Katopodis/Getty Images

Трамп 2017 жылдан бері алғаш рет Қытайға ресми сапармен барды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Трамп Бейжіңге жете сала Қытай билігі оны күтіп алды. АҚШ президенті Қытайды жақсы көретінін айтса, кең құрамдағы келіссөздерде Си Цзиньпинь алғаш рет Трампқа жеке сес көрсетті. Даудың басы – Тайвань. Қытай өз бөлігі деп санайтын елге, АҚШ қару сатуды жоспарлап отыр.

"Егер барлық мәселені дұрыс шешсек, қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас тұрақты болып қала береді. Оң шешім табылмаған жағдайда, елдеріміз арасында жанжал, тіпті, қақтығыс болуы мүмкін. Бұл – Қытай-Америка қарым-қатынастарын өте ыңғайсыз жағдайға қалдырады", - деді ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь.

Дегенмен Трамптың Қытайға баруындағы басты мақсаты мүлде өзге. АҚШ президенті Қытай америкалық компанияларға қысым көрсетіп, жұмыс істетпей жатыр деп санайды. Онысын жасырған да емес. Сол үшін әлемге әйгілі компаниялардың басшыларын өзімен ертіп әкетті. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жайт бойынша тараптар келісім тапты.

"Біздің қарым-қатынасымыз бұдан былай да жақсы өрбиді деген сенімдемін. Адамдар біле бермейді. Дегенмен аздаған құпияны ашқым келіп тұр. Әлемде бір оқыс оқиға болғанда мен сізге хабарласамын немесе сіз маған телефон шаласыз. Мен осы сапарға әлемнің ең үздік бизнесмендерін алып келдім. Екеуіміздің сауда-саттығымызды одан сайын арттырғым келеді. Барлығымыздың қалайтынымыз – осы деп білемін", - деді Трамп.

Трамп араға тоғыз жыл салып Қытайға барды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.