jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Трамп Иранға соққыны кейінге қалдырды

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Andrew Leyden/Getty Images

Трамп Иранға жойқын соққыны кейінге қалдырды. Айтуынша, араб елдері сәл уақыт беруді сұрапты. АҚШ президентіне де уақыт керек сияқты. Ол Ақ үйдегі ғасыр құрылысымен әлек. Құны 400 млн доллар болатын ғимаратты көпшілікке таныстырып жүр. Одан бөлек президент әкімшілігі сотталғандарға арналған арнайы қор құрмақ. 1,4 млрд доллар қаражат істі болғандарға үлестіріліп беріледі, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Трамп 19 мамырда Иранға жойқын соққы жасаймын деп хабарландыру жасаған еді. Алайда Пәкістан мен Сауд Арабиясы бастаған бір топ мемлекет кейінге қалдыруды сұрапты. Себебі араб елдері Иранмен келіссөз жүргізіп жатыр.

"Иранға бас көтерместей соққы жасауым тиіс. Бірақ Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Бахрейн және басқа елдер бірауыздан өтініш жасады. Олар өздері Иранды ядролық қарудан бас тартуға көндіреміз дейді. Сондықтан бейбіт келісім тағы жақындады деуге де болады. Алайда мен Иранға сенбеймін. Десе де бір мүмкіндік беруге шешім қабылдадым. Көрейік, қолдарынан келер ма екен", - дейді Трамп.

Сол арада Трамп өзінің жақтастары мен таңдаулы тілшілерді "Ғасыр құрылысының" барысымен таныстырды. Жоғарғы Сот пен Конгресстің қарсылығына қарамастан, АҚШ президенті шегінетін емес, құрылыс қарқынын одан сайын арттырды.

"Мен өте көп зәулім, сән-салтанаты келіскен ғимараттар салдым. Бірақ бұдан өткен құрылыс жоқ шығар. Нысанның қаншалықты маңызды екенін түсінсе екен деймін. Бағаналар Ақ үйдің төбесіне дейін көтеріледі. Терезелерінен де, қабырғаларынан да оқ өтпейді. Бәрі маған кедергі келтіргісі келеді. Сол үшін мен бұл нысанға өзімнің қаражатымды жұмсауға шешім қабылдадым. Балл залы келесі президенттер мен олардың әкімшілігіне менің атымнан сыйлық болады", - дейді АҚШ президенті.

Трамп, сондай-ақ өзінің істі болған жақтастары үшін Әділет министрлігінен ақша бөлгізді. 1,4 млрд доллар қару қолданып, сотталған республикалық партия мүшелері үшін беріледі. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс бұл шешімді қорғап әлек. Себебі бұл туралы жария болған сәттен бастап, әкімшілік үлкен сын астында қалды.

"Бізді жемқор деп айыптайтындарды түсінбеймін. Біз жай ғана әділдік орнатқымыз келеді. Оның үстіне бұл қорға мемлекеттің бірде-бір центы жұмсалмайды. Әлбетте біз тек жазықсыз сотталғандарды қолдамақпыз. Ал қару қорлданып, полицейлерге және әскерилерге оқ жаудырғандар бұл бағдарламаға кірмейді. Өйткені олар — қылмыскерлер", - дейді Джей Ди Вэнс.

Трамп Иранға соққыны кейінге қалдырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.