Конгода Эбола індеті өршіді: 100-ден астам адам өлімі тіркелді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегінен қайтыс болғандардың саны 100-ден асты. Вирус жұқтырған адам санының артуына байланысты елге шетелдік мамандар келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.
Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусынан зертхана жағдайында расталған өлім саны 101-ге жетті.
Айта кетейік, ауру жұқтырғандар саны бүгінгі таңда 550-ге таяп қалды.
Күні кеше ел билігі 91 адамның көз жұмғанын және 515 адамның инфекция жұқтырғанын хабарлаған еді. Ал соңғы 24 сағат ішінде өлім мен жағдайлардың саны артуда.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырудың 906 жағдайы тіркелгенін хабарлаған.
Еске сала кетейік, 20 мамырда Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Конго Демократиялық Республикасы мен Угандада Эбола қызбасының өршуіне байланысты шетелге шығуды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына ескерту жариялағанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2386118-kongoda-ebola-indeti-orshidi-100-den-astam-adam-olimi-tirkeldi/