"45 градусқа дейін жетуі мүмкін": Еуропаға аптап ыстық келе жатыр
Жарияланған күні:
Батыс Еуропа елдерінде жақын күндері аптап ыстық болады. Кей өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін, деп хабарлайды РБК-Украинаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Аптап ыстық Испания, Португалия және Францияда болады. Дүйсенбіден сәрсенбіге дейін бұл елдердің оңтүстігінде 43-45 градусқа дейін күн ыстық болады деп күтіліп отыр. Ауа райының рекордтық ыстық көрсеткіші Андалусияда болады, онда ауа температурасы климат нормасынан 20 градусқа жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Мадрид пен Парижде ауа температурасы 40 градус, Рим, Вена және Будапеште 35 градус ыстық болады. Ұлыбританияның оңтүстігі де қатты ыстықтан зардап шегуі мүмкін. Жер орта теңізі елдерінде ауа райының жоғары температурасы маусымның соңына дейін сақталуы мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2389804-45-gradusqa-deiin-zhetui-mumkin-europaga-aptap-ystyq-kele-zhatyr/