jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Ел алдында орамалсыз ән айтқан әншіге дүре соғу жазасы тағайындалды

Параста Ахмади
Параста Ахмади. Фото: instagram.com/parastoo.ahmadi.musician

Иран әншісі Парасту Ахмади мен оның продюсерлік командасының сегіз мүшесі хиджабсыз өнер көрсеткені үшін 74 дүре соғу жазасына кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

The Guardian басылымы хабарлағандай, 2024 жылдың желтоқсанында 29 жастағы Ахмади өзінің YouTube арнасында тікелей эфирде Az Khoone Javanane Vatan атты патриоттық әнді орындаған. Әнші өнер көрсету кезінде хиджаб кимеген. Бейнежазба әлеуметтік желілерде кең тарап, миллиондаған қаралым жинаған.

Нәтижесінде сот оны дүре соғу жазасына кескен. Сонымен қатар Кум провинциясының соты әншіге "қоғамдық мораль нормаларын қорлады" деген айып тағып, екі жылға елден шығуға және шығармашылық қызметпен айналысуға тыйым салды.

Сот жарияланған видеоны "дөрекі әрі моральға қайшы контент" деп бағалаған.

Ел алдында орамалсыз ән айтқан әншіге дүре соғу жазасы тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.