Грекиядан Германияға бет алған ұшақтың иллюминаторы сынып, жолаушы терезеден ұшып кете жаздады
Жарияланған күні:
Грекиядан Германияға бет алған рейсте төтенше жағдай тіркелді. Ұшу барысында ұшақтың иллюминаторы сынып, оған жақын отырған ер адамды қысым сыртқа жартылай тартып алған. Абырой болғанда, басқа жолаушылар ер адамды ұстап қалды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, Boeing терезесін қозғалтқыштан бөлініп ұшқан бөлшек сындырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW-ға сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, Грекияның Салоники қаласынан Германияның Мемминген қаласына ұшып бара жатқан Ryanair авиакомпаниясының ұшағында ұшу кезінде иллюминатор сынып, терезе жанында отырған жолаушыны ауа қысымы сыртқа тартқан. Бұл туралы грекиялық Radio Thessaloniki радиостанциясына және немістің dpa агенттігіне жұма, 10 шілдеде, оқиға куәгерлері мәлім еткен.
Олардың айтуынша, 61 жастағы Сербия азаматының басы мен иығы сыртқа шығып кеткен, бірнеше жолаушы оны салон ішінде әрең ұстап қалған. Салоникиден Германияның оңтүстігіндегі Меммингенге ұшып бара жатқан ұшақта оттегі маскалары төмен түсірілген. Пилот аттанған әуежайына оралуға шешім қабылдаған.
Зардап шеккен жолаушы жедел жәрдеммен Салоникидегі ауруханаға жеткізілді, абырой болғанда ауыр жарақат алмаған. Қалған жолаушыларды Германияға қосымша ұшақ жеткізді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2398397-grekiiadan-germaniiaga-bet-algan-ushaqtyng-illiuminatory-synyp-zholaushy-terezeden-ushyp-kete-zhazdady/