jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ресей Павел Дуровты террористер мен экстремистер тізіміне енгізді

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: Giuseppe CACACE / AFP via Getty Images

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Росфинмониторингтің террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, бүгін, 30 шілдеде Росфинмониторинг Павел Дуровты экстремистер мен террористер тізіміне қосқан.

"Дуров Павел Валерьевич, 10.10.1984 ж.т., Ленинград қаласы", - делінген тізімде.

Ақпарат агенттігінің дерегінше, Росфинмониторингтің тиісті тізіліміне енген адамдар мен ұйымдарға бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуға, желіде ақпарат жариялауға, көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға, сайлауға қатысуға және салық, жалақы төлеу мен залалды өтеуден басқа кез келген қаржылық қызметтерді пайдалануға тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресейде танымал Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа терроризмге жәрдемдесу бабы бойынша айып тағылғанын жазған едік.

Ресей ФСБ-сы мессенджер әкімшілігін "Украинаның арнайы қызметтері Ресейде терактілер мен жаппай кісі өлтіруге дайындық үшін белсенді пайдаланатын" арналарды, чаттар мен боттарды жоймады деп айыптаған болатын.

Ресей Павел Дуровты террористер мен экстремистер тізіміне енгізді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.