Башар Асадтың туысы өлім жазасына кесілді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Васим Асад қасақана кісі өлтіру және азаптау қылмыстары үшін өлім жазасына кесілді. Сот бұл әрекеттерді адамзатқа қарсы қылмыс және әскери қылмыс деп таныды. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның сириялық мемлекеттік SANA агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, Дамаск соты Сирияның бұрынғы президентінің немере ағасын бірнеше қасақана кісі өлтіру және азаптау қылмыстары бойынша кінәлі деп таныған.
"Сот айыпталушы Васим Асадты бірнеше адамды қасақана өлтіргені және азаптауға байланысты қылмыстар үшін кінәлі деп тапты. Бұл әрекеттер адамзатқа қарсы қылмыс және әскери қылмыс ретінде сараланды. Сот айыпталушы Васим Асадты өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды", - деп келтіреді агенттік судья Фахр ад-Дин әл-Арьянның сөзін.
Сот сонымен қатар сотталушының жылжымалы және жылжымайтын мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім қабылдаған.
Васим Асадқа қатысты сот процесі Дамасктың төртінші қылмыстық сотында өтпелі сот төрелігі істері аясында өткен. Сирия билігі оны 2025 жылғы маусымда Сирия-Ливан шекарасында ұстаған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың сырттай өлім жазасына кесілгенін жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2414295-bashar-asadtyng-tuysy-olim-zhazasyna-kesildi/
