jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Польшадағы мектептерге жасалған шабуылдардан кейін 170-тен астам жасөспірім ұсталды

Польшада ұсталған жасөспірім
Польшада ұсталған жасөспірім. Фото: x.com/@nexta_tv

Польша полициясы мектептердегі шабуылдар сериясынан кейін 170-тен астам жасөспірімді ұстаған. Бұл туралы елдің ішкі істер және әкімшілік министрінің орынбасары Магдалена Рогульская мәлімдеді, деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Таңғы баяндамада 177 адам ұсталғаны және 138 мыңнан астам тексеру жүргізілгені айтылды. Ауқымы өте үлкен", - деді Рогульская.

Оның айтуынша, ұсталғандардың ішінен 43 адам балаларға арналған тәрбие орталықтарына немесе изоляторларға қамалған.

Ол ұсталғандарға қандай айып тағылатынын нақтыламады, бұл мәселе тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Польшаның Остроленка қаласындағы оқу орнына жасалған шабуыл салдарынан жеті адам зардап шеккенін жазған едік. Жарақат алғандардың арасында оқушылар мен мұғалім бар.

Сондай-ақ Лещидул-Новины елді мекеніндегі мектепте оқушы еден жуушыға пышақ ала жүгірген. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды.

Польшадағы мектептерге жасалған шабуылдардан кейін 170-тен астам жасөспірім ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram