jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Испаниядағы пойыздардың соқтығысуынан қаза болғандар арасында қазақстандықтар бар ма: СІМ жауабы

Испаниядағы теміржол апаты болған жер
Испаниядағы теміржол апаты болған жер. Фото: Javier SORIANO / AFP via Getty Images

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Испаниядағы теміржол апатынан қаза тапқандар арасында ел азаматтары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қолда бар ақпарат бойынша, Испаниядағы теміржол апаты салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп хабарлады ҚР СІМ.

Бұл ретте ведомство деректерді тексеруді жалғастырып жатқанын нақтылады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Испанияда пойыздар соқтығысып, кемінде 46 адамның қаза тапқаны белгілі болған еді.

Кейінірек испаниялық БАҚ теміржол апатынан қаза тапқандар саны 50 адамға дейін өскенін, сондай-ақ кемінде 179 адамның зардап шеккенін хабарлады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram