jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

Үндістанның біз білмейтін тыныс-тіршілігі қандай? (фото)

: UGC

Мәдениеті бай, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, халық саны бойынша дүние жүзінде екінші орында орналасқан сиқырлы да жұмбақ Үнді елінің тыныс-тіршілігі қандай? Мyprofession.kz сайтының авторы жақында Үндістанға саяхат жасап қайтты. Аталған фоторепортажда үнді елінің бүгінгі тыныс-тіршілігі, дәстүрі мен өмір сүру мәдениеті бейнеленген.

Тарихқа үңілсеңіз, үнділер ешбір елге бірінші болып шабуыл жасамаған. Қой мінезді халық талай жылдар бойы біресе Орталық Азияның жүректілеріне жем болып, біресе Еуропаның боданына айналып, турасын айтқанда, тәуелсіздігін аңсаған, бостандықты бақ тұтқан мемлекет.

Үндістанның жүрегі саналатын Мадия Прадеш штатының орталығы Бхопал қаласы мен Теленгана штатының орталығы Хайдарабад қаласына іссапарға бардық.

Бұлар тіпті байлықты өз көздерімен көрмеген де болар. Барға қанағатшыл қоғам. Тіпті қанағатшыл деуге де болмас, жақсы өмірге деген ұмтылыс пен артық еңбек етуге құлықтары жоқ болып көрінді.

Халықтың сауатсыздығын жергілікті басшылардың басым бөлігі өздеріне тиімді пайдаланады. Жалпы, үнді қоғамының 30 пайызы білімсіз деп саналады.

"Аңқау елге – арамза молда" демекші, жергілікті басшылардың бар білгені – өз қандастарын қанау ғана. Алайда Үндістанның жоғарғы басшылары да қол қусырып қарап отырмағаны аян.

Өздерін әлемнің дамыған елдердің қатарынан көргісі келетінін біз теледидардан естіп, біліп жүрміз.

Жайылымды жердің аздығы мал бағуға қолайсыз. Етке қызықпайтын үнділерге бұл маңызды да емес. Сиырдың қасиет саналатыны да содан болар. Ал ет жеп өскен біздер үшін бұл тұрпайы көрінді.

Фоторепортаждың толық нұсқасын

Мyprofession.kz

сайтынан тамашалай аласыздар.

Үндістанның біз білмейтін тыныс-тіршілігі қандай? (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.