RU
Денис Тен қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Денис Тен қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматы көшелерінің бірінде белгісіз біреулер пышақтап кеткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Денис Тен ауруханада көз жұмды деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Тен жан тапсырды

Денис Тен жан тапсырды

Үш литр қан жоғалтқан спортшы ауруханаға күндізгі сағат 15:23 шамасында жеткізілген.

Қансырап жатқан жас жігітті Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатқан адамдар тауып алыпты. Денис тек жалғыз өзі болған.

Дәрігерлер өмірі үшін күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бес дүркін чемпионы 1993 жылы 13 маусымда дүниеге келген еді.

Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы 2014 жылы өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2013 жылы мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Сондай-ақ, ол төрт құрлық арасында өткен 2015 жылғы чемпионаттың жеңімпазы және VII қыстық Азиада ойындарының жеңімпазы.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel