Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алланың құдіреті": Арыстағы жарылыстан мешіттің әйнегі аман қалған

Жарияланған күні:

Күні кеше Арыста жойқын жарылыс болып, тұрғындар жедел түрде қаладан эвакуацияланды. Оқ-дәрі қоймаларынан шыққан жарылыс қала көшелері мен ғимараттарға айтарлықтай зардап әкелді. Бір қызығы, күл-талқаны шыққан Арыстағы апаттан тек мешіттің әйнектері аман қалған. Көпшілік бұл жағдайды Алланың құдіретіне теңеп отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Видео Instagram желісіндегі Shymgramm парақшасында жарияланған.

Бейнежазбада көлікте кетіп бара жатқан азаматтар көшенің екі жағындағы ғимараттарды салыстырады.

"Мешіттің бірде-бір әйнектері сынбаған. Зақым келмеген. Мешіттің айналасындағы үйлердің терезелері сынған. Құдайдың құдіретін қара",- дейді видеодағы жігіт.

Бұл бейнероликті көрген желі қолданушылары Алланың құдіреті шексіз екенін айтуда.

"Алланың құдіреті", "Сондықтан күнә жасаудан аулақ болғанымыз абзал", "Қарашы, мешітке бір нәрсе болмаған, о Алла", "Алланың құдіреті шексіз ғой" деп жазған олар.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстықтарға көмек беріп жатқан халыққа алғысын білдірсе, Тұрғымбаев өртті не себепті сөндіре алмай жатқанын түсіндірді.

Сондай-ақ, жарылыс күні Арыста ұялы байланыс неге істен шыққаны, қазіргі уақытта қаланың жағдайы қандай екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан Арысқа 40 тонна азық-түлік жіберілді, ал Алматыдан құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері жөнелтіледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды. Сондай-ақ, қалада жоғалып кеткен әскери қызметкер табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1801510-allany-kdireti-arystagy-zarylystan-mesitti-jnegi-aman-kalgan-video/