Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысынан Арысқа 40 тонна азық-түлік жіберілді (фото)

Жарияланған күні:

Жойқын жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласына Жамбыл облысынан гуманитарлық көмектің алғашқы легі жіберілді. Бұл туралы Жамбыл облыстық "Жас Отан" Жастар қанаты төрағасы Уәли Болатбек өз Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ Ualibolatbek
Фото: Instagram/ Ualibolatbek: Twitter

Қазіргі уақытта жалпы құны 8 млн теңгеден аса қаржы көлемін құрайтын 40 тонна азық түлік тиеліп, одан бөлек 60 тонна құрылыс материалдары жіберілген.

Нақтырақ айтқанда, 10 тонна ұн, 10 тонна қант, 18 мың дана құс жұмыртқасы, 1,5 тонна тауық еті, 350 келі шұжық өнімдері, 1 тонна сүт өнімдері, 200 келі макарон өнімдері, 1 тонна өсімдік майы, 400 келі печенье, 700 келі қияр және 1000 дана бөлке нан дайындалған.

Фото: Instagram/ Ualibolatbek
Фото: Instagram/ Ualibolatbek: Twitter
"Сонымен қатар, Арыс қаласына медициналық қызмет көрсету мақсатында арнайы 4 бригада жіберілді. 2,2 млн теңге қаражат көлемінде қажетті дәрі-дәрмек бөлінді",- деп жазды Уәли Болатбек.
Фото: Instagram/ Ualibolatbek
Фото: Instagram/ Ualibolatbek: Facebook

Жамбыл облысында көмек көрсету шаралары жалғасын табады. Алдағы уақытта тосыннан келген апаттан зардап шеккен халыққа 180 тоннадан аса гуманитарлық көмек жолданбақ.

Фото: Instagram/ Ualibolatbek
Фото: Instagram/ Ualibolatbek: Twitter

Қазіргі уақытта Арыс қаласынан келген 100-ден аса азаматқа жан-жақты көмек көрсетілуде. Олар жайлы орындарға жайғастырылып жатыр.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстықтарға көмек беріп жатқан халыққа алғысын білдірсе, Тұрғымбаев өртті не себепті сөндіре алмай жатқанын түсіндірді.

Сондай-ақ, жарылыс күні Арыста ұялы байланыс неге істен шыққаны, қазіргі уақытта қаланың жағдайы қандай екені белгілі болды.

Алдағы уақытта Алматыдан құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері жөнелтіледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды. Сондай-ақ, қалада жоғалып кеткен әскери қызметкер табылды.

Айта кететін жайт, жойқын жарылыс болған өңірде мешіттің әйнектері аман қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801521-zambyl-oblysynan-aryska-40-tonna-azyk-tlik-ziberildi-foto/