Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: mod.gov.kz
Фото: mod.gov.kz: Facebook
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының жанындағы жолаушылар ұшағының апаты мен сол жердегі адамдардың қазасына байланысты 2019 жылдың  28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады", - деп хабардар етті Берік Уәли Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Соңғы мәліметтер бойынша қайтыс болғандардың саны 15 адамға жеткен.

Төтенше жағдай салдарынан мерт болғандар арасында Informburo журналисі мен "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, әуе компаниясы өз ұшағының апатқа ұшырауына байланысты пікір білдіріп, барша қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833854-elimizde-28-zeltoksan-zalpylttyk-aza-ttu-kni-bolyp-zarialandy/