Ақтөбеде жойқын жарылыстан денесінің 50% күйіп қалған адам көз жұмды
Опубликовано:
Ақтөбеде жанар-жағармай базасында көлік жарылып үш адам зардап шеккен еді. Солардың бірі қайтыс болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Денесінің 50% күйік шалған азаматтың өмірін дәрігерлер сақтап қала алмаған.
Сондай-ақ, денесінің 85% күйік шалған өзге зардап шегушінің жағдайы да ауыр деп бағаланып отыр.
Ал жарылыстан зардап шеккен үшінші адам ауруханадан үйіне шығарылған.
Еске сала кетейік, 10 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында жанар-жағармай таситын көлік жарылып, екі жұмысшы жансақтау бөліміне түскен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1753003-aktbede-zojkyn-zarylystan-denesini-50-kjip-kalgan-adam-kz-zmdy/