RU

Алматыда көлік аялдамаға соғылып, бір бойжеткен қаза тапты

Алматыда Тәттібеков көшесінде кісі өлімі болған жол апаты болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға орынан фото: sputniknews.kz
Оқиға орынан фото: sputniknews.kz: UGC

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Corolla Тәтібеков көшесінің бойымен келе жатқан. Кенеттен жүргізуші рөлге ие бола алмай, аялдамаға соғылады.

Бұл уақытта аялдамада адамдар автобус күтіп тұрған. Салдарынан үш адам жарақат алған.

Оқиға орынан фото: sputniknews.kz
Оқиға орынан фото: sputniknews.kz: UGC

Белгілі болғандай, зардап шеккендердің бірі ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген. Дәрігерлер бойжеткеннің өмірін сақтап қала алмаған.

Оқиға орнында жол сақшылары, криминалистер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Куәгерлердің сөзінше, көлік жүргізушісі мас болуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1783921-almatyda-klik-aaldamaga-sogylyp-bir-bojzetken-kaza-tapty/