Норвегия - Франция және Уругвай - Испания: 2026 жылғы әлем чемпионатының 27 маусымдағы кестесі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан уақыты бойынша, 27 маусым, сенбіге қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының тағы үш тобындағы топтық кезең ойындары аяқталады. KAZ.NUR.KZ алдағы матч кестесін назарларыңызға ұсынады.
Ойындар G, H және I топтарындағы командалар арасында өтіп, бір уақытта басталады.
Бұл кездесуде Норвегия мен Франция құрамалары топ жеңімпазын анықтайды. Ал басқа ұлттық құрамалар плей-оффқа жолдама алып үлгермесе де, келесі кезеңге өту мүмкіндігін толық жоғалтқан жоқ.
Қазақстан уақыты бойынша 27 маусымға арналған матч кестесі:
- 00:00 (26 маусымнан 27 маусымға қараған түні). Норвегия - Франция. I тобы, "Джиллетт" стадионы, Фоксборо (АҚШ). Трансляция: "Qazaqstan"
- 00:00. Сенегал - Ирак. I тобы, "Бимо Филд" стадионы, Торонто (Канада). Трансляция: "Qazsport"
- 05:00. Уругвай - Испания. H тобы, "Акрон" стадионы, Сапопан (Мексика). Трансляция: "Qazaqstan"
- 05:00. Кабо-Верде - Сауд Арабиясы. H тобы, "Эн-Ар-Джи" стадионы, Хьюстон (АҚШ). Трансляция: "Qazsport"
- 08:00. Мысыр - Иран. G тобы, "Люмен Филд" стадионы, Сиэтл (АҚШ). Трансляция: "Qazaqstan".
- 08:00. Жаңа Зеландия - Бельгия. G тобы, "Би-Си Плейс" стадионы, Ванкувер (Канада). Трансляция: Qazsport
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көруге болады.
- Неймардың оралуы, Винисиустың дублі: Бразилия Шотландияны ірі есеппен жеңіп, плей-оффқа шықты
- Неймар алаңға шығуы мүмкін: ӘЧ-тің 25 маусымдағы ойындар кестесі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2393357-norvegiia-frantsiia-zhane-urugvai-ispaniia-2026-zhylgy-alem-chempionatynyng-27-mausymdagy-kestesi/