Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хан-Шатырда суға батып кеткен қыз көпбалалы отбасынан шыққан

Опубликовано:

Хан-Шатыр сауда орталығында суға батып кеткен бірінші сынып оқушысы жасанды жағажайға 200 оқушы мен 20 ересектен құралған мектеп лагерімен бірге барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Хан-Шатырда суға батып кеткен қыз бала көпбалалы отбасынан шыққан
Көрнекі сурет: tnms.kz: Twitter

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының мәліметінше, сауда ойын-сауық орталығына балалар мектеп жанындағы лагерь аясында балалардың ата-анасының жазбаша өтініші бойынша барған.

Бірінші сыныпты жаңа бітірген бүлдіршіннің қалай суға батып кеткені хабарланбады. Тергеу жүріп жатыр.

Алайда шомылу кезінде жағажайда жүрген мектеп әкімшілігі, топ жетекшілері мен Sky Beach Club құтқарушылары баланы құтқару үшін бар күшін салған.

2010 жылы туылған қыз бала Нұр-Сұлтан қаласының №10 мектебінің бірінші сыныбын осы таяу күндері ғана бітірген.

Мектеп жанындағы лагерьдің 200 баласын ол жерге 24 мектеп өкілі ертіп келген. Оқиға орнында хауыздың үш құтқарушысы мен бірнеше ата-ана да болған.

Суға батып кеткен қыз бала көпбалалы отбасынан шыққан. Отбасында төрт бала болған. Қайтыс болған қыздың ата-анасына материалды және моральды көмек көрсетіледі.

Баланың өліміне қатысты ақпарат, жауапты тұлғалар мен Хан-Шатыр сауда орталығы хауызының қауіпсіздігі жайлы мәліметтер тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1797511-han-satyrda-suga-batyp-ketken-kyz-kpbalaly-otbasynan-sykkan/

pixel