jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Арыстағы жарылыс: Оқиға орнынан 20 шақырым жердегі жолға артиллериялық снаряд түсті (фото)

    : Facebook

    Арыстағы жарылыс кезінде болжам бойынша, оқиға орнынан ұшқан артиллериялық снаряд төтенше жағдайдан 20 шақырым жердегі тас жолға түскен. Бұл туралы Vera.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Арыста оқиға орнына 20 шақырым жердегі тас жолға артиллериялық снаряд түсті (фото)
    Фото:vera.kz: Facebook

    Басылым күшті соққы салдарынан тас жол жабындысы бүлінген суреттерді жариялады.

    Арыста оқиға орнына 20 шақырым жердегі тас жолға артиллериялық снаряд түсті (фото)
    Фото:vera.kz: Facebook

    Болжам бойынша, бұған әскери бөлімше қоймасынан ұшып шыққан снаряд себепкер.

    Арыста оқиға орнына 20 шақырым жердегі тас жолға артиллериялық снаряд түсті (фото)
    Фото:vera.kz: Facebook

    Тас жолдан бөлек сол сәтте жолда кетіп бара жатқан "Газель" көлігі де зақымданған.

    Арыста оқиға орнына 20 шақырым жердегі тас жолға артиллериялық снаряд түсті (фото)
    Фото:vera.kz: Facebook

    Арыста оқиға орнына 20 шақырым жердегі тас жолға артиллериялық снаряд түсті (фото)
    Фото:vera.kz: Facebook

    Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

    Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады. Тұрғындар қаладан жаяу және велосипедпен қашып жатыр.

    Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

    Кейін белгілі болғандай Шымкент қаласының ауруханасына 16-ға жуық зардап шеккен адам дәрігерлік көмекке жүгінген.

    Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

    Қорғаныс министрі оқиға орнына жетті. Жарылыс салдарынан пойыздар уақытынан кешігіп жатыр.

    Қала маңында түске жуық тағы бір күшті жарылыс болды. Оны куәгер видеоға түсіріп алған.

    Қашқан кезде ата-анасынан адасып қалған балаларды тұрғындар мешітке әкелуде.

    Арыстағы жарылыс: Оқиға орнынан 20 шақырым жердегі жолға артиллериялық снаряд түсті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.