Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ермекбаев Арысқа келді

Опубликовано:

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Түркістан облысында төтенше жағдай орын алған Арыс қаласына келді деп хабарлайды Қазақпарат-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: mod.gov.kz мұрахатынан
Фото: mod.gov.kz мұрахатынан: Facebook

Бұған дейін Ермекбаевтың төтенше жағдай себептерін анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін оқиға орнына аттанғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады. Тұрғындар қаладан жаяу және велосипедпен қашып жатыр.

Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Кейін белгілі болғандай Шымкент қаласының ауруханасына 16-ға жуық зардап шеккен адам дәрігерлік көмекке жүгінген.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

Қорғаныс министрі оқиға орнына аттанды. Жарылыс салдарынан пойыздар уақытынан кешігіп жатыр.

Төтенше жағдай кезінде ата-анасынан адасып қалған балаларды мешітке табысталып жатыр.

Оған қоса, Арысқа 100-ден аса полиция қызметкері жіберілгені белгілі болды.

Әлеуметтік желілерде Арыстағы жарылыстан кейін, үсті қанға боялған ер адамның видеосы тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801289-ermekbaev-aryska-keldi/

pixel