Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий теңізінің жағалауында бір адам құтқарылып, үш адам суға батып кетті

Опубликовано:

Каспий
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД

16 мамыр сағат 18.32-де Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында суға шомылу кезінде 4 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Олардың біреуін оқиға куәгері құтқарып, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы ауруханаға жеткізді. Ал қалған үшеуі суға батып кетті. Құтқарылған адам 1996 жылы туған Бейнеу ауылының тұрғыны. Жағдайы қанағаттанарлық.

Суға батып кеткендердің бірі 1999 жылы туғанАқтау қаласының тұрғыны. Қалған екеуі Қарағанды қаласының тұрғындары. Сағат 19.58-де Қарағанды қаласының тұрғындарының бірінің жансыз денесі судан шығарылды.

ТЖ орнында Маңғыстау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 10 құтқарушысы және 2 бірлік техникасы, ТЖД 11 қызметкері, Апаттр медицинасы орталығының 3 дәрігері және 1 бірлік техникасы жұмыс жүргізуде.

Маңғыстау облысы ТЖД азаматтарға судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1969555-kaspii-tenizinin-zagalauynda-bir-adam-qutqarylypus-adam-suga-batyp-ketti/

pixel