Қытай мен Непалдағы су тасқыны: жоғалған қазақстандықтардан хабар бар ма
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қытай мен Непал шекарасындағы жойқын су тасқыны кезінде жоғалып кеткен үш қазақстандықты іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қытай мен Непал шекарасындағы су тасқыны кезінде жоғалып кеткен Қазақстанның үш азаматы әлі табылған жоқ.
Сыртқы саяси ведомство қазіргі уақытта іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай мен Непал арасындағы шекаралық өткел ауданында көшкін жүргені белгілі болды. Бұл жол қозғалысына, байланыс пен электрмен жабдықтау жүйесіне әсер етті.
Кейінірек жойқын су тасқыны болғаны туралы хабарланды. Ірі тасқынға жер сілкінісі және одан кейінгі көшкін себеп болды.
Ал 27 тамызда Қытай мен Непалдағы су тасқынынан хабар-ошарсыз кеткендер саны 1000-нан асқаны хабарланды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қытай мен Непалдағы табиғи апатқа байланысты Қазақстан азаматтарының із-түзсіз жоғалғандар тізімінде бар-жоғы туралы ақпарат ұсынды.
Кейіннен СІМ Непалда із-түзсіз жоғалғандар қатарында қазақстандық әйел бар екенін жеткізді. Отандасымыз туристік топ құрамында Қытайдан Непалға шекара асқан. Артынша СІМ тағы екі қазақстандық іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2426453-qytai-men-nepaldagy-su-tasqyny-zhogalgan-qazaqstandyqtardan-habar-bar-ma/
