Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында Ақсу өзенінен әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

Ақсу өзені
Ақсу өзені. Фото: Түркістан облысы ТЖД

Түркістан облысындағы Ақсу өзенінен әйелдің денесінің табылуына байланысты тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Telegram-дағы Polisia.kz арнасы хабарлады.

Telegram-арнаның жазуынша, 10 қазанда Төлеби аудандық полицияның кезекші бөліміне обылстық ТЖД-дан Ақсу өзенінен белгісіз адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дереу аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барған.

Алайда өзеннің оң жағалауынан табылған дененің суда ұзақ тұрып қалуына байланысты оны тану мүмкін болмаған.

Тез арада сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес марқұм болған әйел екені анықталған.

Бұл жайт Төлеби АПБ-де тіркелген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде және болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Еске сала кетейік, 10 қазанда осы Ақсу өзінен биыл 26 маусымда сол жерге демалуға барып, суға батып кеткен үндістандық екі студенттің бірінің денесі табылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1992330-turkistan-oblysynda-aqsu-ozeninen-aieldin-denesi-tabyldy/

pixel