Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлық белгілері бар": Екібастұзда үйдің кіреберісінде кілемге оралған әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

Қылмыс орны
Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Екібастұз қаласындағы үйлердің бірінің кіреберісінен кілемге оралған әйелдің денесі табылды. Павлодарлық полицейлер әйел өліміне қатысты күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында.

Құзырлы органның мәліметінше, 17 қазан күні сағат 16.44-те Екібастұз қаласының полициясына қаладағы үйлердің бірінің жанында жатқан кілемнен "адамның аяғы көрініп тұрғаны" жайлы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінен денесінде зорлық белгілері бар кілемге оралған әйелдің денесін тапқан.

Сондай-ақ полицияның дерегінше, кілемнің жоғары және төменгі жақтары сыммен байланған.

"Әйелдің жеке басы анықталды, ол Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты", - дейді Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Ведомство полицейлер кісі өлімі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Екібастұз қаласының 1986 жылы туған тұрғынын ұстағанын атап өтті. Ол кінәсін мойындаған.

Полиция қажетті сараптамалар тағайындалғанын, сонымен қатар кісі өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторна қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1993381-zorlyq-belgileri-bar-ekibastuzda-uidin-kireberisinde-kilemge-oralgan-aieldin-denesi-tabyldy/

pixel