Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада аяқ киім дүкенінде пышақ жарақатын алған әйел көз жұмды

Опубликовано:

пышақ ұстаған ер адам
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада аяқ киім дүкенінде пышақ жарақатын алған әйел ажал құшты. Оның өліміне күдік ретінде 32 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-арнасында.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 20 қазанда болған. Сол күні сағат 18.39-да 102 арнасына аяқ киім дүкенінде қыздың пышақ жарақатынан көз жұмғаны туралы қоңырау түскен.

Оқиға орнына дереу полиция жасағы барып, аталмыш факт расталған.

Полиция қызметкерлері дүкен ішіндегі касса маңынан еденде пышақ жарақаты бар әйелдің денесін тапқан. Алған жарақаттарынан 32 жастағы азаматша жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Құзырлы орган өкілдері анықтағандай, әйел ер адамның шабулынан кейін көз жұмған. Ол аяқ киім дүкеніне кіріп, кассаға жақындап, марқұм әйелдің әріптесін итеріп жіберіп, оған пышақпен шабуыл жасаған.

Елордалық полицейлер әйелдің өліміне күдікті ретінде 32 жастағы ер адамды ұстаған. Одан заттай дәлел тәркіленген. Сондай-ақ қажетті сараптамалар тағайындалған.

Ведомство бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1993682-astanada-ayaq-kiim-dukeninde-pysaq-zaraqatyn-algan-aiel-koz-zumdy/

pixel