Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында 14 вагон рельстен шығып кетті (видео)

Опубликовано:

Рельстен шығып кеткен вагондар
Рельстен шығып кеткен вагондар. Видеодан кадр: Telegram/ztb_qaz

Қарағанды ​​облысында жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бұған қатысты "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ баспасөз қызметі ресми сайтында пікір білдірді.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 17 қараша күні сағат 06.15-те Қарағанды ​​облысындағы Қарағанды-Сұрыптау-Ақадыр учаскесінің 767 Қарабас-ОП аралығында жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кеткен.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың  рельстен шығуы олардағы ақаумен байланысты", - деп хабарлады ҚТЖ.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана стансаларынан үш қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1997553-qaragandy-oblysynda-14-vagon-relsten-sygyp-ketti-video/

pixel