jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    БАҚ: Алматыда тұрғын үй кешеніндегі өрттен алты жасар қыз бала ажал құшқаны белгілі болды

    өрт
    Тұрғын үйдегі өрт. Видеодан кадр: ТЖД баспасөз қызметі

    Қазақстандық телеарналар Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде 23 тамызда түнде болған өрттен алты жасар қыз баланың қайтыс болғанын хабарлады. Оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Бұл ақпаратты журналистерге көршілері жеткізген.

    Кеше Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шыққаны белгілі болды. Өрттен зардап шеккендердің бірі оқиға орнына келген дәрігерлердің реанимациялық шараларына қарамастан көз жұмғаны хабарланды.

    КТК телеарнасының мәліметінше, қазір көпқабатты тұрғын үйдің ішінде ешкім жоқ. Кіреберістерде полиция қызметкерлері кезекшілік атқаруда. Олар тек тұрғындарды қажетті заттарын алу үшін ғана кіргізіп жатыр. Бөтен адамдардың кіруіне тыйым салынды, оқиға орнында өрттің себебін тергеу жалғасуда.

    "Өрттен қыз бала оқиға орнында қаза тапты. Тағы алты адам медициналық көмекке жүгінген. Оның үшеуі ауруханада емделіп жатыр. Мамандар өрттің нақты неден туындағанын анықтау үшін тергеуді бастады", - дейді телеарна тілшісі.

    "Astana" телеарнасы да куәгерлер сөзіне сүйеніп, баланың қайтыс болғаны туралы хабарлады.

    "Қайтыс болған қыз 6 жаста еді. Ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, менің қызым онымен араласатын. Біздің отбасымыз бұл тұрғын үй кешенінен ең соңғы болып шықты. Түтін болғандықтан, бізді таба алмады. Біз жақындарымызбен қоштасып жаттық. Өйткені есімізден тана бастадық. Жедел жәрдем көлігінде есімізді жинадық", - деді үй тұрғыны Злата Степанова.

    БАҚ: Алматыда тұрғын үй кешеніндегі өрттен алты жасар қыз бала ажал құшқаны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.