Ақтөбе облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты
Опубликовано:

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан жеті адам көз жұмып, 4 адам зардап шекті. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айдос Құлжановтың айуынша, жол-көлік оқиғасы 22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе - Астрахань тас жолында болған.
Белгілі болғандай, ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.
Сондай-ақ Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алған.
Еске сала кетейік, бұған дейін СҚО-да екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1998434-aqtobe-oblysynda-zol-apatynan-zeti-adam-qaza-tauyp-tort-adam-zardap-sekti/