Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында жұмысшы тоқ соғып, қайтыс болды

Опубликовано:

жұмысшы темір кесуде
Жұмысшы темір кесуде. Көрнекі фото: Рixabay.com

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорындарының бірінде тағы бір оқыс оқиға болды. Мердігер ұйымның жұмысшысы қаза тапты. Оқиғаны Қарағанды ​​облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жұмысшының қазасы туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады. Оқыс оқиға "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының металлургиялық зауытында болғаны атап өтілген.

Оқиға листопрокат цехында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Мердігер ұйымдардың бірінің қызметкерін ток соққан. Ол зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен дәрігерлердің көзінше есін жимай қайтыс болды.

Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармада түсіндіргендей, өндірістегі адам өліміне әкелген жазатайым оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия тексеретін болады.

Бұл жағдайға Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ мердігер ұйымы қызметкерінің қайтыс болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" – ред.) қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға тиесілі шахтада 3 қарашаға қараған түнде төтенше жағдай орын алып, салдарынан 4 адам қаза тапқан болатын. Тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Кейін шахтада болған қайғылы жағдайдан қаза тапқандар саны беске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2004320-arselormittal-temirtau-kasipornynda-zumyssy-toq-sogyp-qaitys-boldy/

pixel