Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясында тағы да апат болды

Жарияланған күні:

АрселорМиттал Теміртау кешені
АрселорМиттал Теміртау кешені. Фото: АрселорМиттал Теміртау ресми сайты

Бүгін, 18 қаңтарда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да коксты газ құбыры опырылып түсті, деп хабарлайды компанияның ресми сайты.

"Бүгін, 18 қаңтарда таңғы сағат 6:10-да тікелей коксты газ құбыры опырылып түсті. Зақымдалған аумақ 20 м. Зардап шеккендер жоқ, себептері анықталуда", - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, өткен жылдың қараша айында Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада төтенше жағдай орын алып, салдарынан 4 адам қаза тапқан болатын.

Кейін шахтадағы төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" шахталарындағы апаттар туралы айтып, онда кешенді тексеру жүргізу қажет екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек аталған қайғылы оқиғалардан соң мемлекеттік кірістер комитеті компанияны 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2005755-arselomitall-temirtau-kompaniyasynda-tagy-da-apat-boldy/