Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ірі жол апатынан 9 адам қаза тауып, 13 адам ауруханаға түсті (видео)

Опубликовано:

Түркістан облысындағы жол апаты
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Түркістан облысындағы Екпінді-Созақ тасжолында үш көлік соқтығысып, жол апатынан 9 адам қаза тапты. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Анықталғандай облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тасжолының бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктері соқтығысқан. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген.

"Салдарынан 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты", - дейді Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Құзырлы орган хабарлауынша, оқиға орнына бірден Түркістан облыстық ПД басшылығы барған.

Сондай-ақ полиция қазір болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатқанын, бұл факт Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелгенін атап өтті.

Айта кетейік, 16 шілдеде Атырау облысында жол апатынан 7 адам қаза тауып, екі адам ауруханаға түскенін жазған едік.

Кейін Қарағанды облысындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, салдарынан 13 адам (оның бесеуі бала) зардап шегіп, ауруханаға жеткізілгенін хабарладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028919-turkistan-oblysynda-zol-apatynan-9-adam-qaza-tapty/

pixel